^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 58 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Joomla шаблоны бесплатно http://joomla3x.ru

"ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2022" СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

"ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2022" СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2022 жылдың 22 қыркүйегінде "Балалар жылы" аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Денсаулық фестивалі-2022" болып өтті.
 Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, денсаулық-зор байлық екенін түсіндіру. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында есірткіге (наркомания) жол бермеу.
Денсаулық фестиваліне мектептің 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға 15-минуттық сергіту жаттығуларын өткізді. Шахмат, үстел теннисі ойнатылды. Волейболдан және футболдан жарыстар өткізілді.
Денсаулық-ең үлкен байлық! Сондықтан әрқашан деніміз сау болсын!!!
308504403 3003260566633470 8072154952248505246 n
308495773 3003260643300129 6615840005275225707 n
308589581 3003260683300125 1131838930618883547 n

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да , себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Ахмет тағылымы" тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Кәдірбердиева мен "Ұшқыр ой" дебат үйірмесінің жетекшісі Р.Кәдірберді бірлесіп, мектеп кітапханасында танымдық сағатын өткізді.
  Г.Кәдірбердиева оқушыларға бағыт бере келе, тіл жанашыры, ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының рухани әлемін тілге тиек ете келе, қазақ әліпбиінің алғашқы авторы; «Тіл - құрал», «Оқу құралы» , «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен хрестоматиялар жазғаны туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, жан - жақты талдау жасады.
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың, - деген Ахмет Байтұрсынұлының өлең жолдары, оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспетті.
Қазіргі таңда, әділдік пен әділеттіктің үлгісін көрсеткен ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының парасаттылық, адалдық, даналық туралы бағытын ұстанатын жас ұрпақтың өмірдегі жолы - ашық , даңғыл жол болмақ!
306956433 3001631823463011 3087637271332960405 n
308056222 3001631690129691 8616840418598460814 n

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

 Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушы педагог С.Арапбай мен тәлімгер Н.Сайлауовтың ұйымдастыруымен "Жол ережесін сақтайық" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру,іс-жүзінде асыра білуге үйрету.
Міндеттері:
-Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету;
-Тәртіптілікке, сақ болуға көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.Жол тәртібін жадында ұста!
Іс-шара барысында оқушыларға жол ережесі туралы бейнеролик көрсетілді және арнайы жасалған жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп, жол белгілерімен танысты.
307035216 2997894040503456 454544285895780883 n
307092741 2997894363836757 670078271970846573 n

МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

🛎
  Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймыз. Салтанатты жиында ұстаздар мен оқушылардың салтанатты шеруі болды.
  Қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар өлең, тақпақ айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралды. Бұл күн, әсіресе, 1-сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын !
304689872 2987637904862403 7653206212108537112 n

Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Қамқоршылық кеңесінің жиыны болып өтті.

  Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Қамқоршылық кеңесінің жиыны болып өтті. Жиын барысында мектеп директоры А.Шариповтің 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Өз кезегінде сөз алған мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Тұрсынбекова ағымдағы оқу жылында атқарылған жұмыстарға оң баға беріп өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының екінші тарау, 5 тармақшасына сәйкес "Қамқоршылық кеңес" ұйымына М.Шойманов ауылының тұрғындары тарапынан 10 адамнан өтініштер түсіп, соның ішінен "Қамқоршылық кеңес" ұйымының мүшелігіне 9 адам ұсынылды.

Олар:
1. Г.Тұрсынбекова - Зейнеткер.
2. Б.Төлбасы - Отырар ауыл әкімшілігінің бас маманы.
3. Қ.Бостанов - Ата-ана, Жеке кәсіпкер.
4. Ш.Тоқсанбаева - Ата-ана, Мейірбике.
5. С.Каленова - Ата-ана.
6. Т.Бекбаев - Зейнеткер.
7. Б.Абилдаев - Ата-ана.
8. А.Күдірбекова - Жеке кәсіпкер.
9. А.Ильянова - Ата-ана.
Жиын соңында ұсынылған кеңес мүшелеріне "Қамқоршылық кеңес" ұйымының атқаратын жұмыстары мен ережелері таныстырылды.
290279404 2939025066390354 5646048774360640876 n290308835 2939025103057017 308180786410121608 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #