^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

П. Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "МИФ-цифрлық сауаттылықтың кілті" тақырыбында Математика, Информатика, Физика пәндері айлық іс-шарасының ашылуы болды.

П. Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "МИФ-цифрлық сауаттылықтың кілті" тақырыбында Математика, Информатика, Физика пәндері айлық іс-шарасының ашылуы болды.

Мақсаты: Математика, Информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың нақты ғылымдарды меңгеруде цифрлық сауаттылықтарын арттыру.
465782875 3528842274075294 7313802163253389868 n465853669 3528842210741967 5197844508978682645 n
 

“25-ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ!”

 

Мақсаты: ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру, Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, отаншылдық құрмет құндылығын дарыту, білім алушылардың бойына туған еліне деген сүйіспеншілігін дамыту.
Тәрбие сағатында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастап, әдеби монтаж және топтық жұмыстар жасау арқылы өз ойларын ортаға салды. «Атамекен» әнімен іс-шараны аяқтады.Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларымен 2024 жылдың 21-24 қазан аралығында «25 қазан Республика күніне» арналаған тәрбие сағаты өткізілді.
464419289 3519303668362488 4585157207433693847 n464421018 3519303608362494 7111216484837976264 n

«Таза Қазақстан»

Түркістан облысы білім басқармасы 31.10.2024 жылғы №25/6295 хатына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде ұжымдық сенбілікке қатысты.

465275861 3525960257696829 8569165910728322474 n465273253 3525960361030152 81252110276161956 n

МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.

МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.

Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, республикалық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Мектепішілік пікірсайысты Г.Кәдірбердиева ұйымдастырып, 8-9 сынып оқушыларынан "Қыран" және "Алғырлар" топтарын қатыстырды. Пікірсайыс екі бөлім бойынша жүргізілді. Конструктивті және сараптама бөлімі. Пікірсайысты қорытындылаған қазылар алқасының шешімімен "Қыран" тобы жеңіске жетті.
463628342 3513180848974770 4517487662074765738 n463421080 3513180882308100 6778877539551856453 n

ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП

ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП

   П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Шахмат - ақыл-ой спорты" тақырыбында үйірме жетекшісі Н.Құдайбергеновтің ұйымдастыруымен шахматтан мектепішілік жарыс өтті.
Мақсаты: оқушылардың шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге, дұрыс бағыт беру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс барысында мектептің үздік шахматшылары анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
463600484 3513992802226908 3932272341734341094 n463833860 3513992882226900 8129000175697771135 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #