^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 110 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Joomla модули на http://joomla3x.ru и компоненты.

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ, ДУБЛЕР КҮНІ ӨТТІ

 

         П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "ДУБЛЕР КҮНІ", яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
 Дублер күнінің мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
 Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
Пән мұғалімдерінің рөлін өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен жоғары сынып оқушылары атқарды.
461941601 3498739533752235 2548634158402721953 n461960762 3498739917085530 2798447920374484928 n

  П.Айтменоа атындағы негізгі орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының бірінші кезең - мектепішілік байқауы өтті.

  П.Айтменоа атындағы негізгі орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының бірінші кезең - мектепішілік байқауы өтті. Қазылар алқасының шешімімен жоғары балл жинаған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.

“Алтын сақа” олимпиадасының мақсаты - Қазақстандық қабілетті оқушыларды математика пәні бойынша қолдау!

462068148 3498935903732598 5120303277814134853 n461927718 3498935693732619 4127048274689776527 n

ТІЛ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

ТІЛ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

⭐️ Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде тілдер мерекесіне орай, онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес "Тіл - тәуелсіздік тұғыры" тақырыбында мектебіміздің тіл мамандарының ұйымдастыруымен тәрбиелік іс-шара өтті.
📌 Мақсаты:Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
Іс - шара барысында білім алушылар мемлекеттік тілді құрметтеуде өз сүйіспеншіліктерін ақындардың жыр шумақтарымен жеткізе білді.

⭐️ Тілдер мерекесі құтты болсын!

 

459158661 3476392885986900 4277414301506355823 n459023397 3476392939320228 1653189302722884824 n459023397_3476392939320228_1653189302722884824_n.jpg

 

Бүгін 1-қыркүйек Білім күніне орай, Отырар ауданының білім бөліміне қарасты П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.

   Бүгін 1-қыркүйек Білім күніне орай, Отырар ауданының білім бөліміне қарасты П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.

  Салтанатты жиынды мектеп директоры А.Шарипов ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, оқушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан мектептің ардагер ұстаздары Н.Шатаева мен М.Масан, Отырар ауыл округі әкімшілігінің қызметкері Н.Тұрлыбаев, ата-аналар комитетінің төрағасы Қ.Бостанов ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестіктерін білдірді.
Іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!
 
457492029 3469811439978378 2174256145883894970 n457814028 3469811529978369 8735544759008952558 n
 
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #