^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 97 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

nachodki.ru интернет-магазин

"МЕКТЕПТЕН - МЕКТЕПКЕ ЖОБА

 

    Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әріптесіміз Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің химия пәні мұғалімі Самұрат Райхан 9-сынып оқушыларымен химия пәнінен "Қайтымды және қайтымсыз реакция" тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар "Қайтымды химиялық реакция", "Қайтымсыз химиялық реакция" деп екі топқа бөлініп, сабақ барысында керемет тәжірибелерді жүзеге асырды. Сабақ өз мақсатына жетіп, өте жоғарғы деңгейде өтті.
 

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ: "МЕН ӨСКЕНДЕ КІМ БОЛАМЫН?"

 

      П. Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде кәсіптк бағдар беруші педагог :А. Пернебаева ның ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Мен өскенде кім боламын" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Максаты: Балалардың мамандық туралы түсініктерін дамыту, кеңейту. Мамандық түрлерімен таныстыру.
462472854 3504778393148349 6666399441140168030 n462457106 3504778256481696 3334924053424341851 n

П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының бірінші кезең - мектепішілік байқауы өтті.

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының бірінші кезең - мектепішілік байқауы өтті. Қазылар алқасының шешімімен жоғары балл жинаған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.

“Алтын сақа” олимпиадасының мақсаты - Қазақстандық қабілетті оқушыларды математика пәні бойынша қолдау!

462068148 3498935903732598 5120303277814134853 n 1461927718 3498935693732619 4127048274689776527 n 1

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ

 

 П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен кітапханада "Оқу сағаты" ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кітап оқу мәдениетіне баулу, дүниетанымын кеңейту, әдебиеттегі көркем шығармалардың тамашалығын сезіну, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте түсіндіру.

462124672 3499965606962961 2773841837171994504 n461961127 3499965683629620 2801816369453091649 n

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 5-9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аяулы да ардақты ұстаздарымыздың төл мерекесіне орай "Ұстаз - ұлы есім" тақырыбында іс-шара болып өтті.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Ұстаздардың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі өлшеусіз.
Іс-шара барысында ұстаз еңбегінің шексіз екендігі туралы айтылды. Оқушылар аяулы ұстаздарына арнап әндер айтып, жыр шумақтарын арнап, сахналық қойылымдар қойды.
 
461976026 3499968050296050 2720535681786158086 n462046759 3499968126962709 3658295774989436662 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #