«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ!»
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде біртұтас тәрбие беру бағдарламасы негізінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - тұғырым" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен тәрбие сағаты өтті.
Оқушыларға өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру мақсатында өтілген тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.
