^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 98 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

ӘДІСТЕМЕЛІК АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

ӘДІСТЕМЕЛІК АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

 Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 25.04.2023 ж. №229-11\01\-01\448 санды хатына сәйкес "Zoom" платформасы арқылы"Әдістемелік ашық есік күні" өткізілді.
 Ашық есік күніне 5-сынып оқушыларымен математика пәнінен "Көпбұрыштар" тақырыбында Н.Сайлауов ашық сабақ өткізді, 2-сынып білім алушыларымен бастауыш мұғалімі А.Досмағамбетова қазақ тілі пәнінен "Дара және күрделі сын есім" тақырыбында ашық сабақ өткізді. 6-сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Барлығын тастаңыз да оқыңыз" тақырыбында С.Арапбайдың ұйымдастыруымен 20 минуттық оқу сағаты өткізілді.
343595782 1468818440320826 4085754895787231229 n
343087299 225611783416840 1465174316898047382 n

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ

 П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6-сынып оқушыларының қатысуымен мектеп кітапханасында "Оқу сағаты" ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап оқу мәдениетіне баулу, дүниетанымын кеңейту, әдебиеттегі көркем шығармалардың тамашалығын сезіну, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте түсіндіру.
 Оқу сағаты барысында оқушылар әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің таңдамалы трактаттарын талқылап, ой бөлісті. Алдағы уақытта да оқу сағаттары тұрақты жалғасатын болады.
340175269 888781719081017 8915733740597435325 n342976838 1428729594607112 2191251600745417490 n

ДІНИ БІЛІМДІ, САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ ҚАШАНДА КЕЗ КЕЛГЕН ҚИЫНДЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРА АЛАДЫ

ДІНИ БІЛІМДІ, САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ ҚАШАНДА КЕЗ КЕЛГЕН ҚИЫНДЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРА АЛАДЫ

  Жоғары діни білімді, руханияты мол, салауатты қоғам қашанда кез келген экстремизм мен терроризмге қарсы тұрары анық. Болашағын дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған қазіргі жастар бірінші ретте осыны есте сақтағаны жөн. Бұл туралы бүгін аудандағы білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесуде сөз болды.
  Аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен өткен жиында С.Әлиев, С.Ерубаев жалпы орта мектептері мен П.Айтменов негізгі орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушыларына шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарына түсу арқылы деструктивті діни ағымдарға тартылу қауіптілігі түсіндірілді.
Кездесуге аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық топ мүшелері аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Сарсеков, аудандық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Назира Сауытбаева қатысып, діни салаға бет бұрған азаматтар алдымен өз елінің тарихын, мәдениетін, тұрмыс-салтын жетік меңгеруі, яғни ұлттық иммунитетті бойына сіңіруі керек екендігін айтып өтті.
 Жиын барысында тақырып аясында арнайы дайындалған видео ролик оқушылар назарына ұсынылып, оқушылардың дінге деген көзқарасын білу мақсатында сауалнама алынды.
- Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекетіміздің дамуына негізделіп қойылған талаптардың бірі – көпқырлы, озық сала мамандары мен білікті кадрларды дайындау еді. Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайды ескере отырып, шетелде діни білім алғысы келетін жастарға алдымен Қазақстанның мүмкіндіктерін пайдаланып, содан кейін шетелде білімін жалғастырғандары жөн. Қазір елімізде медресе колледждер мен медреселерден бастап докторантураға дейін сапалы діни білім алуға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, отандық ғалымдар, теологтармен шектелмей, шетелдік ғалымдар да бар,-дейді аудан әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, жиынның еркін пікір алмасу кезеңінде мектеп оқушылары көкейде жүрген сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды. Қазіргі таңдағы мемлекеттер арасындағы қоғамдық-саяси және діни ахуал туралы ой түйіп, қажетті ақпараттарымен бөліскен мамандарға алғыстарын айтты.
342786998 243684174847660 7346502074517809790 n

ОҚУШЫЛАРҒА СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ.

ОҚУШЫЛАРҒА СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ.

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Балалардың суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында 5-9 сынып оқушыларымен жиналыс өткізіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 Мақсаты: Білім алушылардың өзен, көлдерде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен таныстыру.

ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

 Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде шахмат ойнау Республикалық челленджі өткізілді.
Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі. Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
 Ойын ФИДЕ ережелеріне сәйкес өтті. Екі команда арасындағы жарыс түрінде болады: бірі - білім алушылар, екіншісі - педагогтер. Ойын рапид уақытымен өткізілді. Ойын барысында жеңіске 2 ұпай, ұтылса 0 ұпай, тең ойынға - 1 ұпай берілді. Әр тақтаның нәтижелері бойынша жеңімпаздар тобы анықталды.
Мектебімізде шахмат үйірмесі 2-9 сыныптар арасында жүргізілуде. Оқушыларымыз шахматтан аудан көлемінде жүлделі орындарға ие.
341310529 746603293737669 1749540804740060459 n340319379 481432107440703 2128494760298955931 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #