«ТІЛ - ҰЛЫ БАЙЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНКҮНДІК ӨТУДЕ
Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі" КММ-де "Тіл - ұлы байлық" атты "Шежіре" бірлестігінің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын пәндерінің онкүндігі өтуде.
Мақсаты: Тіл –ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып,
оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде
қастерлеуге үйрету.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында.