Түркістан облысының Кентау қаласында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Жас қаламгер» бағыты бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Дүйсе Салтанат жүлделі І-орын иегері атанып, республикаға жолдама алды.
Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық. Осыған орай, мектепте арнайы жиын ұйымдастырылып, жүлделі І-орын алған 8-сынып оқушысы Дүйсе Салтанатты мектеп директоры А.Шарипов арнайы құттықтап, мектеп ұжымы атынан алғыс білдірді.
Шәкіртімізге байқаудың республикалық кезеңінде табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!!!