^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ

ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ

   Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Отбасы және бала тәрбиесі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Оспанов ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасына сәйкес баяндама жасап, балалардың жол қауіпсіздігі, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың жауапкершілігі туралы айтып өтті.
Сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімі Ж.Бишораеваның ұйымдастыруымен "Мен сені түсінуге тырысамын", "Сіз қандай ата-анасыз?" тақырыбында ата-аналармен тренинг өтті. Тренинг барысында ата-аналардан сауалнамалар алынып, өз ойларымен бөлісті.
406254613 3287371451555712 6955319083371116374 n405968541 3287371401555717 2527641607339893985 n 1

"МЕКТЕП, АТА-АНА, БАЛА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС" ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

 

   Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс" тақырыбында І-тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы жаңа форматта "консилиум" түрінде өткізілді.
  Жаңа форматта өткен ата-аналар жиналысына барлық сыныптың ата-аналары қатысты. Жаңа форматтағы "консилиум" түріндегі жиналыс жоғары деңгейде өтті. Консилиум түрінде өткен жаңа форматтағы ата-аналар жиналысында мектеп директоры А.Шарипов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп әкімшілігі, оның ішінде мектеп психологы А.Зиятова, пән мұғалімдері ата-аналармен пікірлесті.
1-9 сынып жетекшілері ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Пән мұғалімдері ата-аналарға ТЖБ, БЖБ талдауларын талдап, жекелей ата-аналарға талдау қорытындысын көрсетті. Ата-аналар өз ризашылығын білдіріп, жаңа форматта өткен ата-аналар жиналысына оң бағасын берді.