Отырар ауданының білім бөліміне қарасты П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебіндегі балаларға берілетін ыстық тамақ жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Асхана қызметкерлерінің жұмысын, санитарлық –эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, брокераж комиссиясының тексеруі аптасына бір рет жүргізіліп отырады.
Күнделікті таңертең мектеп әкімшілігі мен медбикесі асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдардың дайындалу технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын үнемі тексеріп отырады.
Сонымен бірге мектептепте ауыз су режиміде дұрыс жолға қойылған.Асхананың жұмыс жасауына қажетті ақпаратпен таныстыру үшін "Асхана бұрышы"және тазалық сақтау мақсатында қол жуғыштар орналастырылған.