ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ САПАСЫНА БРАКЕРАЖДЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде оқушылардың асханадағы тамақтандырудың сапасына бракераждық комиссия құрамы мониторинг жүргізді.
Мақсаты: Бракераждық комиссия оқушылардың ыстық тамақпен уақытылы, қауіпсіз тамақтануын бақылау және асхана тазалығы мен тамақты дайындау кезіндегі қателіктерге жол бермеуін қадағалау.
1-4 сыныптардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі бақыланды. Асханадағы тамақтар білім басқармасы бекіткен арнайы мәзірге сай дайындалады. Ең бастысы, тағам құрамында құнарлы дәрумендердің бай әрі пайдалы өнімдердің көбірек болуы қатаң қадағаланды. Оқушыларға адам ағзасына пайдалы дәрумендерге толы, жеміс-жидек, түрлі тосаптар тұрақты түрде беріліп отыр.
Мониторинг барысында нормативтік құжаттардың сәйкес келуі, өнімдердің сақталу мерзімі, дайын тамақтың дәмі, түсі, көлемі, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі тексеріліп, барлығы талаптарға сәйкес келетіндігі анықталды.