ҮЗДІК ОҚЫРМАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Оқуға құшар мектеп» жобасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сол арқылы тіл байлығын дамытып, азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға баулу мақсатында кітапханашы А.Сейлбектің ұйымдастыруымен "Мен оқыған бір кітап" атты 5-9 сынып оқушылары арасында
«Үздік оқырман» байқауы өтті.
Байқауға қатысқан оқушылар өз деңгейлеріне сай қалаған шығармаларын таңдап алып, таңдаған шығармаларын талдап, қорғап шықты. Байқауда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.