Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс" тақырыбында І-тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы жаңа форматта "консилиум" түрінде өткізілді.
1-9 сынып жетекшілері ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Пән мұғалімдері ата-аналарға ТЖБ, БЖБ талдауларын талдап, жекелей ата-аналарға талдау қорытындысын көрсетті. Ата-аналар өз ризашылығын білдіріп, жаңа форматта өткен ата-аналар жиналысына оң бағасын берді.