^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ ТАҚЫРЫБЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ ТАҚЫРЫБЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

    Бүгін мектебімізде мектеп кітапханашысы мен бастауыш сынып жетекшісі М.Шамшатованың ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында жылдық жұмыс жоспарға сәйкес жас оқырмандар байқауы өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету;ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу.Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.
Байқаудың алғашқы бөлімінде оқушылар топқа бөлініп, өздерін таныстырып өтті. Келесі бөлімдерде өздері оқыған ертегі түрлерін анықтап, оқылған үзінді бойынша ертегіні тапты. Сонымен қатар мақал-мәтелдер жаттап, сурет бойынша ертегілерді тауып, жарыса айтты. Оқырмандар оқыған ертегілерінің маңызын түсіне білді.Байқау соңында оқырмандар
"Алтын сақа" ертегісінің желісі бойынша көрініс көрсетіп, өздерінің ойларымен бөлісті.
317832276 3059768597649333 4913462065724344008 n 1317878328 3059768657649327 702253380231208370 n317943892 3059768634315996 299711627923719095 n 1
 

Тәуелсіздік - елдің тұғыры

1Тәуелсіздік – еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Бүгінгі күннің жетістіктері осы Тәуелсіздіктің арқасында келді. Отыз жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкке желбіреді. Жас елдің тарихындағы жаңа дәуір өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие. Биылғы айтулы жылды жоғары дәрежеде ұйымдастыру және идеологиялық деңгейге жеткізу міндеті тұр. Ел тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жалпы халықтық сипатқа ие болып, отандастарымызға айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында, өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни, азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Бүгінгі уақыт – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, елімізде халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты үлкен шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық инновациялық дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған. Осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім мен бейбіт өмірді нығайта түсетін боламыз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасының ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.

Толық: Тәуелсіздік - елдің тұғыры

Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #