^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 136 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Joomla модули на http://joomla3x.ru и компоненты.

"Балауса" жазғы сауықтыру алаңының жабылу салтанаты өтті.

  Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2022 жылдың 17 маусым күні мектеп жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру алаңының жабылу салтанаты өтті. Сауықтыру алаңының жұмысы балаларды сауықтыру мен жақсы көңіл-күй сыйлаумен өтті. Сауықтыру алаңының жабылуы мерекелік концертпен аяқталды. Аталмыш іс-шарада балалар әсем ән айтып, би билеп, өлең шумақтарын жатқа мәнерлеп айтып, бірнеше ойындар ойнатылды. Балаларға сыйлықтар беріліп және мақтау қағаздармен марапатталды.

288637803 2934049053554622 4622608450908063266 n288637803 2934049053554622 4622608450908063266 n

Түлектерді шын жүректен негізгі орта білімді аяқтауымен құттықтаймыз!

 Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 9-сынып оқушыларына арналған негізгі мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Шарипов Ади Шәріпұлы және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алькенова Лаззат құттықтау сөз сөйлеп, 16 оқушыға негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестаттары табысталды. Іс-шара соңында ата-аналар оқушыларға сәттілік тілеп, ұстаздарға деген алғыстарын білдірді.

Түлектерді шын жүректен негізгі орта білімді аяқтауымен құттықтаймыз!
288826646 2933426713616856 176113805303955279 n288521832 2933426980283496 4828713394861745474 n

"ТОЛАҒАЙ" СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

"ТОЛАҒАЙ" СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

  Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2022 жыл - Балалар жылына орай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Масанов пен Н.Кудайбергеновтің ұйымдастыруымен "Балауса" жазғы сауықтыру алаңының қатысушылары арасында "Толағай" спорттық жарысы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
284951556 2921521011474093 3540012043067829110 n284989245 2921520878140773 3391402070635530389 n

"БАЛАУСА" ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛДЫ

"БАЛАУСА" ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛДЫ

  Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі жанынан ұйымдастырылған "Балауса" жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты болды.
   Мақсаты: Оқушылардың жаз кезеңіндегі бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Ашылу салтанатында мектеп директоры А.Шарипов оқушыларды жазғы сауықтыру алаңының ашылуымен құттықтап, жазғы демалыстары көңілді өтуіне тілек білдірді. Оқушылар әннен, жырдан шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.
284093945 2918527141773480 9211126659583664422 n284020799 2918527205106807 5693854773917755053 n

ЖАС ТҮЛЕК 2022 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ

ЖАС ТҮЛЕК 2022 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ

   Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты соңғы қоңырау іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры Шарипов Ади Шәріпұлы 2021-2022 оқу жылында жеткен жетістіктерге ерекше тоқталып, ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларға жүрек жарды ізгі тілегін білдіре отырып, мерекемен құттықтап, марапаттады.
284055701 2917926471833547 9049888590541923379 n283927228 2917926615166866 4770177764503193661 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #