Жарияланды: 18.01.2023 09:40 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 54 рет
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында С.Жакупова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Кәдірбердиеваның ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында 7-сынып оқушыларымен "Үздік оқырман" байқауы өткізілді.
Байқау барысында М.Дулатовтың "Бақытсыз жамал" романы желісінде және ақынның өлеңдер жинақтарынан өлеңдер оқылды. "Кітап - білім бұлағы" дегендей оқырмандарымыз өздері оқыған кітаптарынан түсінігін айтып, өлең оқып және де жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді.
Жарияланды: 18.01.2023 09:22 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 32 рет
"АЯУЛЫ КҮЗ - АЛТЫН КҮЗ" САЙЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Аяулы күз - алтын күз" сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Ұйымшылдыққа, өз ойларын жеткізе білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сайысқа 7-9 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салып оқушылар мен ұстаздарды өз өнерлерімен таң қалдырды.
Сайысқа қатысқан оқушыларымыз мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жарияланды: 18.01.2023 09:18 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 43 рет
БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ
2022 жылғы қараша айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық зияткерлік конурсында Түркістан облысы атынан мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қалдыбай Нұрали қатысып, жеңіспен оралды.
Осыған орай, мектепте арнайы жиын ұйымдастырылып жүлделі 3-орын алған 9-сынып оқушысы Қалдыбай Нұралиді және жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Бишораева Жанар апайды мектеп директоры А.Шарипов арнайы құттықтап, мектеп ұжымы атынан алғыс білдірді. Жиын барысында Қалдыбай Нұралиге Оқу-ағару министрі А.Аймағамбетовтің арнайы 3-дәрежелі дипломы мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры А.Унайбековтің сертификаты құрметпен табысталды.
Жарияланды: 18.01.2023 06:06 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 63 рет
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК КОНКУРСТАН ОҚУШЫМЫЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!
2022 жылғы қараша айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық зияткерлік конкурсында Түркістан облысы атынан мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қалдыбай Нұрали қатысып, жеңіспен оралды.
3-орын - Қалдыбай Нұрали.
Оқушымыз Қалдыбай Нұрали мен жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Бишораева Жанар апайды шын жүректен құттықтаймыз!!!
Жарияланды: 18.01.2023 05:39 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 36 рет
"ОТАНЫМ - ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕРІМ" ТАҚЫРЫБЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС САБАҒЫ ӨТТІ
Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 25 қазан Республика күніне орай 5-сынып жетекшісі Р.Жұмабаев "Отаным - қасиетті туған жерім" тақырыбында зияткерлік сайыс сабағын өтті.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының асыл мұрасын қастерлейтін парасатты, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол саналы азамат болуға тәрбиелеу.