^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 132 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Здесь нашел интересный обзор

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ.

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ.

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Кәдірбердиеваның ұйымдастыруымен «Ақылы - асыл, аты - аңыз» тақырыбында Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған танымдық сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқырман қауымға қазақ жырының дүлдүлі Дулат Бабатайұлының өз кезеңіндегі әлеуметтік және тәрбиелік мәні зор мәселелерді арқау етіп, өскен жерге деген перзенттік шынайы сезімін паш ететін шығармаларын, өмір жолын, ерен еңбектерін таныстыру, насихаттау. Әдеби танымдық сағатқа қатысушылар «Дулат Бабатайұлы және зар заман поэзиясындағы образдар жүйесі» , «Дулат бабамыз өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамының ішкі саяси жағдайы қандай болған?», «Дулат Бабатайұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны», «Бүгінгі қалам ұстаған буын Дулат Бабатайұлының бейнесін назардан тыс қалдырып алған жоқ па?» деген тағы да басқа тақырыптар мен сұрақтарды кеңінен талқыға салды. Іс-шара барысында оқушылар Дулат Бабатайұлының өлеңдерін жатқа айту арқылы көркем сөз оқу өнерін көрсетті.

312077344 3025376984421828 1899892655301518637 n

312237166 3025376924421834 4467996838241700960 n

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ

 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ

  Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Сонымен қатар, 25 қазан - Республика күніне орай құттықтау челленджімізді ашық деп жариялаймыз! Бұл челленджді барша Қазақстан Республикасының азаматтарына жолдаймыз!

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

  АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай жаңа форматта ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. 2021-2022 оқу жылының жетістіктері.

2.2022-2023 жаңа оқу жылының ерекшеліктері, мақсат және міндеттері.

3.Мектептің ішкі тәртіп ережесі.

4.Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.

5.Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық мәселелері. Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды. Мектеп директоры А.Шарипов жиналысты ашып, 2021-2022 оқу жылындағы мектептің жетістіктер мен жаңа оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат, міндеттерімен ата-аналарды таныстырып өтті. Күн тәртібінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Оспанов пен әлеуметтік педагог С.Жакупова өздерінің баяндамаларымен бөлісіп тиесілі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды. Өткен жылдың есептері берілді. Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.

311694699 3021512458141614 1103011132925384827 n

311701019 3021512391474954 756034798553162888 n

311730405 3021512524808274 3109754814951357180 n

 

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 5-9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аяулы да ардақты ұстаздарымыздың төл мерекесіне орай "Ұстаз - сізге мың алғыс!" тақырыбында іс-шара болып өтті. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Ұстаздардың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі өлшеусіз.
Іс-шара барысында ұстаз еңбегінің шексіз екендігі туралы айтылды. Оқушылар аяулы ұстаздарына арнап әндер айтып, жыр шумақтарын арнап, сахналық қойылымдар қойды.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!
Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерейлеріңіз үстем болсын!🎊🎊🎊
 

Оқушыларға деструктивті діни ағымдардан сақтану жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді

Оқушыларға деструктивті діни ағымдардан сақтану жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Түркістан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы, теолог маманы Өтеген Бердуәлі Әбдужапбарұлы оқушыларға "Жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Максаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жаксылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
309752230 3008803666079160 5649976691188137564 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #