^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ.

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ.

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Кәдірбердиеваның ұйымдастыруымен «Ақылы - асыл, аты - аңыз» тақырыбында Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған танымдық сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқырман қауымға қазақ жырының дүлдүлі Дулат Бабатайұлының өз кезеңіндегі әлеуметтік және тәрбиелік мәні зор мәселелерді арқау етіп, өскен жерге деген перзенттік шынайы сезімін паш ететін шығармаларын, өмір жолын, ерен еңбектерін таныстыру, насихаттау. Әдеби танымдық сағатқа қатысушылар «Дулат Бабатайұлы және зар заман поэзиясындағы образдар жүйесі» , «Дулат бабамыз өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамының ішкі саяси жағдайы қандай болған?», «Дулат Бабатайұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны», «Бүгінгі қалам ұстаған буын Дулат Бабатайұлының бейнесін назардан тыс қалдырып алған жоқ па?» деген тағы да басқа тақырыптар мен сұрақтарды кеңінен талқыға салды. Іс-шара барысында оқушылар Дулат Бабатайұлының өлеңдерін жатқа айту арқылы көркем сөз оқу өнерін көрсетті.

312077344 3025376984421828 1899892655301518637 n

312237166 3025376924421834 4467996838241700960 n

Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #