^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 132 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Шаблоны Joomla здесь

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ ТАҚЫРЫБЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ ТАҚЫРЫБЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

  Бүгін мектебімізде мектеп кітапханашысы мен бастауыш сынып жетекшісі М.Шамшатованың ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында жылдық жұмыс жоспарға сәйкес жас оқырмандар байқауы өткізілді.
📌Мақсаты:
✅Оқушылардың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету;
✅ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
✅Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу.
✅Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
✅Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.
Байқаудың алғашқы бөлімінде оқушылар топқа бөлініп, өздерін таныстырып өтті. Келесі бөлімдерде өздері оқыған ертегі түрлерін анықтап, оқылған үзінді бойынша ертегіні тапты. Сонымен қатар мақал-мәтелдер жаттап, сурет бойынша ертегілерді тауып, жарыса айтты. Оқырмандар оқыған ертегілерінің маңызын түсіне білді.
📚Байқау соңында оқырмандар "Алтын сақа" ертегісінің желісі бойынша көрініс көрсетіп, өздерінің ойларымен бөлісті.
317878328 3059768657649327 702253380231208370 n 1
317810459 3059768554316004 9128221888817547856 n 1

МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.

МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.

  Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 11.11.2022 жылғы 270 санды хатына сәйкес "Тәуелсіздік биік болсын тұғырың" тақырыбында пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі 23.11.2022 жылы болып өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, республикалық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
 Мектепішілік пікірсайысты С.Арапбай ұйымдастырып, 8-9 сынып оқушыларынан "Қыран" және "Алғырлар" топтарын қатыстырды. Пікірсайыс екі бөлім бойынша жүргізілді. Конструктивті және сараптама бөлімі. Пікірсайысты қорытындылаған қазылар алқасының шешімімен "Қыран" тобы жеңіске жетті.
316958590 3053129528313240 8362190850123017341 n
316210060 3053129258313267 6972310415804891109 n

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ

 П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп ұстаздары мен оқушылардың қатысуымен кітапханада "Оқу сағаты" ұйымдастырылды.
 Мақсаты: Кітап оқу мәдениетіне баулу, дүниетанымын кеңейту, әдебиеттегі көркем шығармалардың тамашалығын сезіну, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте түсіндіру.
Оқу сағаты барысында ұстаздар мен оқушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы жарыққа шыққан "Қамар сұлу" романындағы жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған оқиғаларын баяндап, ой бөлісті. Алдағы уақытта да оқу сағаттары тұрақты жалғасатын болады.
316160232 3053065691652957 3554256116903933742 n
316526417 3053065891652937 2023533465694817917 n
316947227 3053066048319588 253977443827455742 n

5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ

5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ

  Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңін (математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын) пәндерінен академиялық адалдықты сақтай отырып ережеге сәйкес өткізілді.
315962596 3048679528758240 3422868527828931387 n
316097506 3048679655424894 6592995218944597359 n

"МЕКТЕП, АТА-АНА, БАЛА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС" ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

"МЕКТЕП, АТА-АНА, БАЛА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС" ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

  Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс" тақырыбында І-тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы жаңа форматта "консилиум" түрінде өткізілді.
Жаңа форматта өткен ата-аналар жиналысына барлық сыныптың ата-аналары қатысты. Жаңа форматтағы "консилиум" түріндегі жиналыс жоғары деңгейде өтті. Консилиум түрінде өткен жаңа форматтағы ата-аналар жиналысында мектеп директоры А.Шарипов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп әкімшілігі, оның ішінде мектеп психологы А.Зиятова, пән мұғалімдері ата-аналармен пікірлесті.
1-9 сынып жетекшілері ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Пән мұғалімдері ата-аналарға ТЖБ, БЖБ талдауларын талдап, жекелей ата-аналарға талдау қорытындысын көрсетті. Ата-аналар өз ризашылығын білдіріп, жаңа форматта өткен ата-аналар жиналысына оң бағасын берді.
315973746 3048603908765802 7821282108443364958 n
315965162 3048604125432447 4086456710549088853 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #