^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 138 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

"Кел балалар,оқылық!!!"

  "Кел балалар,оқылық!!!" Құрметті ұстаздар, ата-аналар және 1-сыныпқа қабылданып отырған бүлдіршіндер! Баршаңызды жаңа 2021-2022 оқу жылымен, 1 қыркүйек Білім күні мерекесімен құттықтаймын. Биылғы оқу жылының, бүгінгі күннің ерекшелігі барлық шәкірттеріміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағатымен бастады. «Кел балалар оқылық!» салтанатты іс-шара дәстүрлі форматта 1-сынып оқушылары үшін арнайы ұйымдастырылды. Білім әлеміне қадам басқалы тұрған бүлдіршіндеріміз бүгін әліппемен қайта қауышып отыр!241145867 2734254220200774 5797182356859052837 n

Айтыс өнері

  Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің "Шабыт" көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі Б.Танаш "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Айтыс өнері" тақырыбында қашықтықтан айтыс өнері тарихы мен түрлерін оқушыларға түсіндірді.

 

 

П.Айтменов ном

  Карантин жағдайындағы қашықтықтан оқыту. Құрметті П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі оқушыларының ата-аналары 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан оқыту жүйесімен басталды. Қашықтықтан оқытудың онлайн (синхрондық) форматымен оқушыларға сабақтар өтілуде.

  Бүгінгі таңда мектеп "Bilim Media Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартқа отырып, оқушылар мен мұғалімдер BilimLand білім беру платформасындағы OnlineMektep платформасымен сабақ өту қолға алынып жатыр. Сіздер kundelik.kz электронды журналынан балаларыңыздың сабақ үлгерімін көріп, сынып жетекшілерімен және мектеп әкімшілігімен онлайн түрде хабар алмасуларыңызға мүмкіндік мол.
 Мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын онлайн оқу кезінде ноутбуктермен қамтамасыз ету қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта бастауыш сынып оқушыларын штаттық режимде білім алуға жағдай жасап жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі" атты жолдауында дәстүрлі оқуға қайта көшу тәртібін әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Балаларға білім беру бойынша барлық жағдай карантин кезіндегі ахуалға байланысты болатыны анық. Қандай да бір өзгерістер бола қалса, алдын ала сіздерді хабардар етеміз. Әзірге қашықтықтан оқыту форматын сақтаймыз.
 
 
119427923 2483068005319398 1765923059826008696 n 
 
 

"Отбасы тәрбиесіне" байланысты "Жас шеберлер" Жас суретшілер" үйірмелерінің қатысушылары арасында "Әкем, анам және мен" атты сурет салу байқауы қашықтықтан өткізілді.

 П.Айтменов атындағы негізі орта мектебінде жаңа оқу жылының қыркүйек айының бірінші онкүндігі "Отбасы тәрбиесіне" байланысты "Жас шеберлер" Жас суретшілер" үйірмелерінің қатысушылары арасында "Әкем, анам және мен" атты сурет салу байқауы қашықтықтан өткізілді.

 Байқаудың мақсаты: отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
 Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Байқауға қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
119064481 2481453585480840 7045360042204744344 n
119149329 2481453522147513 5034966265526557139 n

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне қойылған барлық еңбектер — Тәуелсіздіктің жемісі, егемен еліміздің жетістіктерінің айғағы болды. Онда тәуелсіздікке жету жолындағы халқымыздың бастан өткерген тарихы туралы мағұлматтармен қамтылды.
Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.
 
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #