
"Кел балалар,оқылық!!!" Құрметті ұстаздар, ата-аналар және 1-сыныпқа қабылданып отырған бүлдіршіндер! Баршаңызды жаңа 2021-2022 оқу жылымен, 1 қыркүйек Білім күні мерекесімен құттықтаймын. Биылғы оқу жылының, бүгінгі күннің ерекшелігі барлық шәкірттеріміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағатымен бастады. «Кел балалар оқылық!» салтанатты іс-шара дәстүрлі форматта 1-сынып оқушылары үшін арнайы ұйымдастырылды. Білім әлеміне қадам басқалы тұрған бүлдіршіндеріміз бүгін әліппемен қайта қауышып отыр!