^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 25 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

П.Айтменов ном

  Карантин жағдайындағы қашықтықтан оқыту. Құрметті П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі оқушыларының ата-аналары 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан оқыту жүйесімен басталды. Қашықтықтан оқытудың онлайн (синхрондық) форматымен оқушыларға сабақтар өтілуде.

  Бүгінгі таңда мектеп "Bilim Media Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартқа отырып, оқушылар мен мұғалімдер BilimLand білім беру платформасындағы OnlineMektep платформасымен сабақ өту қолға алынып жатыр. Сіздер kundelik.kz электронды журналынан балаларыңыздың сабақ үлгерімін көріп, сынып жетекшілерімен және мектеп әкімшілігімен онлайн түрде хабар алмасуларыңызға мүмкіндік мол.
 Мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын онлайн оқу кезінде ноутбуктермен қамтамасыз ету қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта бастауыш сынып оқушыларын штаттық режимде білім алуға жағдай жасап жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі" атты жолдауында дәстүрлі оқуға қайта көшу тәртібін әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Балаларға білім беру бойынша барлық жағдай карантин кезіндегі ахуалға байланысты болатыны анық. Қандай да бір өзгерістер бола қалса, алдын ала сіздерді хабардар етеміз. Әзірге қашықтықтан оқыту форматын сақтаймыз.
 
 
119427923 2483068005319398 1765923059826008696 n 
 
 
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #