ОТЫРАР АЛҚАБЫНЫҢ ТҰЛҒАЛАРЫ МЕН МҰРАЛАРЫ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің қордағы ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әбжаппар Жанболат Оралбайұлы мен суретші, қалпына келтіруші Оралбеков Шалатай Оразғалиұлының ұйымдастыруымен «Отырар алқабының тұлғалары мен мұралары» тақырыбында көшпелі көрме өтті.
Мақсаты: Тарихи тұлғалардың есімдерін, жасаған істерін мәңгілік ел жадында қалдыру. Патриоттық сезімдерді оята отырып жас буынды солардай болуға, ісін жалғауға баулу болып табылды.
Көрме экспозициясында тарихта аты аңызға айналған Отырар қалажұрты мен Ислам дінінің таралуына өзіндік үлес қосқан Арыстанбаб және ондағы мұсылман кітапханасы, сонымен қатар әлемнің екінші ұстазы атанған жерлесіміз Әбу-Нәсір әл-Фараби мен Отырардың киелі топырағына қаны тамған Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Шәмші Қалдаяқов секілді тұлғалардың түпнұсқа жәдігерлері бар.