^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 134 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Шаблоны Joomla здесь

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

   Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбында 7-сынып жетекшісі Ж.Сатыбалды және 6-сынып жетекшісі Г.Кәдірбердиева "Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында сынып сағаттарын өтті.
Мақсаты:
   Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
244338346 2757069334585929 8627381216984627707 n244033574 2757069411252588 8036381076309790727 n244074137 2757069471252582 5221296963146463450 n

"АДАЛ БОЛҒЫН, БІЛ, АДАЛДЫҚ-КИЕЛІ"

"АДАЛ БОЛҒЫН, БІЛ, АДАЛДЫҚ-КИЕЛІ"

    Кезекті жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» науқанында Ж.Баласағұнның «Адал болғын, біл, адалдық-киелі» тақырыбындағы мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді.
     Осыған орай, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің 4А-сынып жетекшісі М.Танаш адалдық сағатын өтті.
Адалдық сағатының негізгі мақсаты - арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсете отырып, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндіру, қоғамда сенім атмосферасын құру.
244341605 2757144161245113 2479551463464674241 n244219407 2757144074578455 2187505257746151150 n

КІТАП ОҚЫП ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕМІЗ

КІТАП ОҚЫП ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕМІЗ

   П. Айтменов атындағы негізгі орта мектеп кітапханашысы С. Каленованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Оқу сағаты" кестесі түзіліп, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ұсынған "30 жылдыққа 30 кітапты" атты оқуды бастап кетті. Бүгін 4 сынып оқушыларымен 20 минуттық оқу сағаты өтті. Кітапханашы оқушыларды 30 кітаппен таныстырып, Әбдірайым Толымбайдың "Алабұга аулаған күн" шығармасын оқып талқылады. Кітап жетіспеуіне байланысты әңгіменің ксерокөшірмесі жасалып оқушыларға таратылды.
242910065 2751846031774926 2889643475774681922 n242885366 2751845855108277 734766213440137185 n

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.

  Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.

Осыған орай мектебіміздің 9-сынып жетекшісі Ж.Бишораева "Тәуелсіздік шежіресі 1991 жылдар" тақырыбында сынып сағатын өтті.
242170263 2745085215784341 1585660949704395760 n242265741 2745085322450997 1827249633532292416 n

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ПЕДАГОГТАР ҚОЛДАУЫНДА

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ПЕДАГОГТАР ҚОЛДАУЫНДА

  П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 1қыркүйекте жолдаған “Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауы педагогтар арасында насихатталды.
Жолдаудағы "Сапалы білім беру" мәселесінде айтылған жаңа мектептердің салынуы, ауыл мектептерін жан басына қаржыландыру, "Цифрлық тәлімгер“жобасы, педагогтарды тегін курстармен қамтамасыз ету, бес мың мектепті модернизациялау жөнінде айтылып өтті. Мемлекет басшысының жолдауы туралы мектеп мұғалімдеріне толық ақпарат беріліп, таныстырылды.
 
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #