Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты.
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Пернебаева "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "М.Мақатаевтың туғанына 92 жыл" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен оқу сағатын өтті. Іс-шара барысында оқушыларға М.Мақатаев туралы деректі фильм көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек!