БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ - БАСТАУЫШ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде бастауыш сыныптар пән бірлестігінің "Білімнің бастауы - бастауыш!" атты апталықтың ашылуы болды. Апталық 01.02-08.02. күндері аралығын қамтиды.
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады: «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, бастауыш сынып мұғалімі де үнемі ізденісте.
Білімді және білікті ұстаздардың арқасында оқушыларымыз биік шыңдардан көрінетіне сеніміміз мол. Бала жанының бағбаны – Ұстаздарға тек еңбектеріңіз ақталсын, дегіміз келеді.