^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

nachodki.ru интернет-магазин

2 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ

2 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ

📚Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген.
Мұның басты мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «Кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу.
Осыған орай, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің кітапханасында оқушылармен және ұйымдастырушы педагог С.Арапбай мен 9-сынып жетекшісі А.Пернебаеваның ұйымдастыруымен "Кітап - сарқылмас қазына" атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан қызықты оқиғаларды баяндап, талқылады.
340089875 731944835145635 8668096993704871487 n340175269 888781719081017 8915733740597435325 n

ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІ

ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІ

 Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, "Домбыра челленджі" ұйымдастырылды.
Мақсаты бабалардан қалған ұлттық дәстүріміз домбыра тарту өнерін кеңінен насихаттау.
 Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің Отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акция.
336123456 3409859992665725 6208435977594691475 n

ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ»

ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ»

 Бүгін Отырар ауданының білім бөліміне қарасты П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясында «Жаңа Қазақстын.Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалі өткізілді.
 Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында ел ішінде талантты, өнерлі балаларды анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу, жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылар сахналаған көріністердің жалпы құрамы мен тұтастығы, тақырып төңірегінде өтуі, музыкалық, орындау дағдылары, интонация тазалығы және дыбыс сапасы, сахна мәдениеті, идея ерекшелігі, дизайн мен шығармашылық даралығын көрсеткен өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті.
335422116 934610881228061 6469962804522908456 n335482409 1558038388029479 1247405444232979219 n

П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі

 Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Отырар ауданының прокуратурасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы №2-12-23-00108 хатына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы аясында 5-9 сынып оқушылары арасында жалпы жиналыс өттi.

 

НАУРЫЗ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

НАУРЫЗ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

 Түркістан облысы, Отырар ауданы, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Ұлыстың Ұлы Күні - Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің - әз Наурыз!" атты онкүндік мерекелік іс-шараның жоспарына сай "Наурыз - бірлік пен татулықтың бастауы" тақырыбында 3-4 сынып оқушылары тазалық, қайырымдылық, мейірімділік бағытында мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында тал көшеттерін екті.
Мектеп ауласында тазалық жұмыстары жалғасуда.
334971840 240178721690585 8793716214973723074 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #