Жарияланды: 05.12.2023 07:02 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 30 рет
ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Отбасы және бала тәрбиесі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Оспанов ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасына сәйкес баяндама жасап, балалардың жол қауіпсіздігі, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың жауапкершілігі туралы айтып өтті.
Сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімі Ж.Бишораеваның ұйымдастыруымен "Мен сені түсінуге тырысамын", "Сіз қандай ата-анасыз?" тақырыбында ата-аналармен тренинг өтті. Тренинг барысында ата-аналардан сауалнамалар алынып, өз ойларымен бөлісті.
Жарияланды: 05.12.2023 03:43 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 20 рет
ТРЕНИНГ: МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ТОПТАСЫП ЖҰМЫС ІСТЕУ.
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Мектеп достық мекені" сынып жетекшілердің айлық іс-шара жоспарына сәйкес 7-сынып жетекшісі М.Жаппарованың ұйымдастыруымен "Мұғалімдер арасында топтасып жұмыс істеу" тақырыбында мұғалімдермен тренинг өткізілді.
Тренинг барысында "Жаңғақ", "Додекаэдр", "Мозайка" әдістері қолданылып, тренинг жоғары деңгейде өтті.
Жарияланды: 10.05.2023 10:37 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 21 рет
«ҰЛЫ ЕРЛІК ШЕЖІРЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, мектеп оқушыларының қатысуымен "Ұлы ерлік шежіресі" атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
Жарияланды: 10.05.2023 10:33 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 28 рет
«ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» АТТЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ.
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Мақсат — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Жарияланды: 10.05.2023 10:24 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 31 рет
1-МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ.
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Достық күні", "Бірлік" тақырыбында 5-9 сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты : Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, экономикасын, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, білімді болуға, көп тілді меңгеруге үйрету Ой — өрісі, сөйлеу тілі мен жазба тілі, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу.