^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Шаблоны Joomla 3 тут

ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП

    Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Қызықты математика" үйірмесінің жетекшісі Г.Жолтайдың ұйымдастыруымен "Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері" тақырыбында сайыс сабағы өтті.

   Мақсаты: Оқушылардың математикалық білімдерін логикалық тапсырмалар орындау арқылы дамыту. Түрлі тапсырмалар арқылы жылдам есептеуге үйрету.
Сабақ барысында оқушылар "Ойна да ойла", "Карта", "Тілек тамшылары" әдістері арқылы тапсырмалар орындады. Логикалық есептер шешті. Нейро жаттығу және шарлармен сергіту сәтін жасады. "Ғажайып кітап" рефлексия жасау арқылы білімдерін қорытындылады.
413014493 3301672916792232 5049806261915760006 n413034059 3301672576792266 1177635738874411969 n413913808 3301672443458946 2673837098413057354 n

КҮЗДЕ БІЗ ЖАЛЫҚПАЙМЫЗ, КІТАП ОҚИМЫЗ

КҮЗДЕ БІЗ ЖАЛЫҚПАЙМЫЗ, КІТАП ОҚИМЫЗ

Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің кітапханасында "Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз" іс-шара жоспарына сәйкес кітапханашы А.Сейлбектің ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушылары арасында "Ертегілер еліне саяхат" атты сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың ертегі оқи отырып өз ойларын ашық айтуға, ондағы кейіпкерлермен танысып, ұшқыр ойлауға, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
398650677 3273202319639292 4826445299820172005 n398683360 3273202676305923 3275740490770861225 n

ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ БАЛАПАН АШАТЫН ИНКУБАТОР ЖАСАП ШЫҚТЫ

ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ БАЛАПАН АШАТЫН ИНКУБАТОР ЖАСАП ШЫҚТЫ

    Отырар ауданы, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі Арапбай Саматтың жетекшілігімен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, шәкірттерді өндіріске қажетті технологияларды жасауға, игеруге баулу мақсатында 7 сынып оқушысы Оразбек Елнұр жарамсыз болып қалған ескі тоңазытқыштың сыртқы жәшігін пайдаланып, үй құстарының жұмыртқасынан балапан ашатын инкубаторды жасап шықты.
Құс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Бұл құрылғының қуаттылығы бір мезгілде 250 үй құстарының жұмыртқасынан балапан ашып шығаруға қауқарлы.
Еліміздегі құс өсіру шаруашылығын дамытуына өз үлесімізді қосу мақсатында алдағы көктем мезгілінде бөдене, қаз, тауық, үйрек т.б. үй құстарының жұмыртқасынан балапан өсіру жоспарлануда.

400156379 1087273345973068 2494515516143675307 n 1

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Ж.Бишораеваның ұйымдастыруымен "Диалогтік оқыту арқылы білім сапасын жетілдіру" тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізілді.
Мұғалімдер арасында тұрақты жаңа әдіс-тәсілдер мен мұғалім көшбасшылығын дамыту іс-шаралары білім сапасын көтеруге ықпал етеді.
404463686 3283116648647859 2184347649151430552 n404494307 3283116708647853 1273702975210107049 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #