ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ»
Бүгін Отырар ауданының білім бөліміне қарасты П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясында «Жаңа Қазақстын.Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалі өткізілді.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында ел ішінде талантты, өнерлі балаларды анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу, жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылар сахналаған көріністердің жалпы құрамы мен тұтастығы, тақырып төңірегінде өтуі, музыкалық, орындау дағдылары, интонация тазалығы және дыбыс сапасы, сахна мәдениеті, идея ерекшелігі, дизайн мен шығармашылық даралығын көрсеткен өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті.