ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне қойылған барлық еңбектер — Тәуелсіздіктің жемісі, егемен еліміздің жетістіктерінің айғағы болды. Онда тәуелсіздікке жету жолындағы халқымыздың бастан өткерген тарихы туралы мағұлматтармен қамтылды.
Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.