ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп ұстаздары мен оқушылардың қатысуымен кітапханада "Оқу сағаты" ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап оқу мәдениетіне баулу, дүниетанымын кеңейту, әдебиеттегі көркем шығармалардың тамашалығын сезіну, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте түсіндіру.
Оқу сағаты барысында ұстаздар мен оқушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы жарыққа шыққан "Қамар сұлу" романындағы жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған оқиғаларын баяндап, ой бөлісті. Алдағы уақытта да оқу сағаттары тұрақты жалғасатын болады.