Жарияланды: 18.01.2023 04:17 | Автор: Super User |
Баспаға шығару | Қаралды: 33 рет
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 5-9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аяулы да ардақты ұстаздарымыздың төл мерекесіне орай "Ұстаз - сізге мың алғыс!" тақырыбында іс-шара болып өтті. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Ұстаздардың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі өлшеусіз.
Іс-шара барысында ұстаз еңбегінің шексіз екендігі туралы айтылды. Оқушылар аяулы ұстаздарына арнап әндер айтып, жыр шумақтарын арнап, сахналық қойылымдар қойды.