
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай жаңа форматта ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2021-2022 оқу жылының жетістіктері.
2.2022-2023 жаңа оқу жылының ерекшеліктері, мақсат және міндеттері.
3.Мектептің ішкі тәртіп ережесі.
4.Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.
5.Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық мәселелері. Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды. Мектеп директоры А.Шарипов жиналысты ашып, 2021-2022 оқу жылындағы мектептің жетістіктер мен жаңа оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат, міндеттерімен ата-аналарды таныстырып өтті. Күн тәртібінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Оспанов пен әлеуметтік педагог С.Жакупова өздерінің баяндамаларымен бөлісіп тиесілі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды. Өткен жылдың есептері берілді. Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.


