^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 25 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

  Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2021 - 2022 оқу жылының аяқталуына орай "Біздің үздіктер" тақырыбында үздіктер шеруі өткізілді.
Іс шара барысында мектеп директоры А.Шарипов құттықтау сөзін арнай келе, мұғалімдер мен оқушыларға оқу жылының қорытындысы бойынша еңбектерін бағалап, мақтау қағаздарын тапсырды.
283840861 2917381611888033 2044973192489900295 n284027120 2917380961888098 6984960604598409242 n

БАЛА ШАҚТАН - БОЛАШАҚҚА

БАЛА ШАҚТАН - БОЛАШАҚҚА

  Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 4А, 4Ә-сыныптарының жетекшілері: Т.Ташпенова мен М.Танаштың ұйымдастыруымен "Бала шақтан - болашаққа" тақырыбында бастауышпен қоштасу іс-шарасы өтті.
Мақсаты:
  Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
Білім ордасы – мектепті, ұстаздарын, ата-анасын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
4-сынып оқушылары бастауышпен қоштасу шарасында өздерінің жүрекжарды жырлар мен ән-билерін ата -аналар мен ұстаздарға ұсынды. Даярлық топтан бастап, 4 сынып аралығында білім алған кездері мен қызықты шақтарын естеріне түсіріп, баяндады.
Ата-аналар мен ұстаздар да өз құттықтауларын балғын балаларға арнап, 5-сыныпқа басатын қадамдарына сәттілік тіледі.
283004579 2914208678871993 3303566431651845389 n
283062639 2914221712204023 3677255370715757341 n
283012656 2914207698872091 8717068705242149858 n

Адами әлеуетті дамыту басқармасы

  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы 13 мамырдағы 42-01-11/2102 хатына сәйкес «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» №127 бұйрығы бойынша балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мақсатында П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің жауапты қызметкерлері рейдтік іс шаралар ұйымдастырды. Рейдтік іс шаралар барысында мектепте ата-аналарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  282632837 2913099148982946 368879436881352989 n
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы бойынша 16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы туралы тармағында
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.
4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады делінген.
Жалпы бала білім алумен, тәрбие алумен, өз жеке тұлға ретінде дамуға бағытталған іс шаралармен қамтылу керек.
Баланың еңбегін қанауға жол жоқ.
282373507 2913098478983013 8950195569459888804 n
283032373 2913099198982941 5864030685145753515 n

МҰҒАЛІМДЕРДІ ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МҰҒАЛІМДЕРДІ ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

  Шымкент қаласы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің педагог-қызметкерлеріне әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу бойынша келісім жасалды.
Мақсаты: Бастауыш сынып сабағында білім беру сапасын арттыру құралы ретінде оқыту мен оқу үдерісінде инновациялық технологияларын кешенді пайдалану.
Іс-шарадан кейін жоғарыда аталған бастауыш сынып мұғалімдерінің қиындықтар аясын анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, әрі қарай жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланды.
281221568 2911717395787788 8110846009562223294 n

СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

  СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

   П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай сынып сағаттары өткізілді.
Максаты: оқушыларды отан қорғауға, батырлыққа, ерлікке, өжет те қайсар ұрпақ тәрбиелеу, бейбіт өмір үшін қасықтай қаны қалғанша ерлік көрсеткен батыр аға - апалар ерлігін баяндай отырып, ардагерлерге тағзым етіп, құрмет көрсетуге жол көрсетуге баулу. Бейбіт өмірді көру, көрініс арқылы жүзеге асқан бейбіт өмірді паш ету.
279443900 2903922556567272 255181023484113737 n279385325 2903922819900579 2403354627129767486 n
280120831 2903922953233899 1329229535902259829 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #