^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 109 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

nachodki.ru интернет-магазин

Адами әлеуетті дамыту басқармасы

  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы 13 мамырдағы 42-01-11/2102 хатына сәйкес «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» №127 бұйрығы бойынша балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мақсатында П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің жауапты қызметкерлері рейдтік іс шаралар ұйымдастырды. Рейдтік іс шаралар барысында мектепте ата-аналарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  282632837 2913099148982946 368879436881352989 n
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы бойынша 16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы туралы тармағында
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.
4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады делінген.
Жалпы бала білім алумен, тәрбие алумен, өз жеке тұлға ретінде дамуға бағытталған іс шаралармен қамтылу керек.
Баланың еңбегін қанауға жол жоқ.
282373507 2913098478983013 8950195569459888804 n
283032373 2913099198982941 5864030685145753515 n
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #