ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында С.Жакупова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Кәдірбердиеваның ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында 7-сынып оқушыларымен "Үздік оқырман" байқауы өткізілді.
Байқау барысында М.Дулатовтың "Бақытсыз жамал" романы желісінде және ақынның өлеңдер жинақтарынан өлеңдер оқылды. "Кітап - білім бұлағы" дегендей оқырмандарымыз өздері оқыған кітаптарынан түсінігін айтып, өлең оқып және де жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді.