^Жоғары
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әріптесіміз Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің химия пәні мұғалімі Самұрат Райхан 9-сынып оқушыларымен химия пәнінен "Қайтымды және қайтымсыз реакция" тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар "Қайтымды химиялық реакция", "Қайтымсыз химиялық реакция" деп екі топқа бөлініп, сабақ барысында керемет тәжірибелерді жүзеге асырды. Сабақ өз мақсатына жетіп, өте жоғарғы деңгейде өтті.