ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Шахмат - ақыл-ой спорты" тақырыбында үйірме жетекшісі Н.Құдайбергеновтің ұйымдастыруымен шахматтан мектепішілік жарыс өтті.
Мақсаты: оқушылардың шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге, дұрыс бағыт беру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс барысында мектептің үздік шахматшылары анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.