^Жоғары

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 95 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Бүгін 1-қыркүйек Білім күніне орай, Отырар ауданының білім бөліміне қарасты П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.

   Бүгін 1-қыркүйек Білім күніне орай, Отырар ауданының білім бөліміне қарасты П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.

  Салтанатты жиынды мектеп директоры А.Шарипов ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, оқушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан мектептің ардагер ұстаздары Н.Шатаева мен М.Масан, Отырар ауыл округі әкімшілігінің қызметкері Н.Тұрлыбаев, ата-аналар комитетінің төрағасы Қ.Бостанов ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестіктерін білдірді.
Іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!
 
457492029 3469811439978378 2174256145883894970 n457814028 3469811529978369 8735544759008952558 n
 
Copyright © 2022. "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #