"ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2022" СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2022 жылдың 22 қыркүйегінде "Балалар жылы" аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Денсаулық фестивалі-2022" болып өтті.
Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, денсаулық-зор байлық екенін түсіндіру. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында есірткіге (наркомания) жол бермеу.
Денсаулық фестиваліне мектептің 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға 15-минуттық сергіту жаттығуларын өткізді. Шахмат, үстел теннисі ойнатылды. Волейболдан және футболдан жарыстар өткізілді.
Денсаулық-ең үлкен байлық! Сондықтан әрқашан деніміз сау болсын!!!