АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да , себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Ахмет тағылымы" тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Кәдірбердиева мен "Ұшқыр ой" дебат үйірмесінің жетекшісі Р.Кәдірберді бірлесіп, мектеп кітапханасында танымдық сағатын өткізді.
Г.Кәдірбердиева оқушыларға бағыт бере келе, тіл жанашыры, ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының рухани әлемін тілге тиек ете келе, қазақ әліпбиінің алғашқы авторы; «Тіл - құрал», «Оқу құралы» , «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен хрестоматиялар жазғаны туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, жан - жақты талдау жасады.
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың, - деген Ахмет Байтұрсынұлының өлең жолдары, оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспетті.
Қазіргі таңда, әділдік пен әділеттіктің үлгісін көрсеткен ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының парасаттылық, адалдық, даналық туралы бағытын ұстанатын жас ұрпақтың өмірдегі жолы - ашық , даңғыл жол болмақ!