МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймыз. Салтанатты жиында ұстаздар мен оқушылардың салтанатты шеруі болды.
Қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар өлең, тақпақ айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралды. Бұл күн, әсіресе, 1-сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын !