П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қысқы демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Қыста кітап оқимыз» іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында оқушылар ХІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұнның өмірі, шығармашылығымен танысты.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.