ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ МӘҢГІЛІК
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 1-9 сынып аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы-Мәңгілік» атты тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында бейнебаян, презантация көрсетілді. Осынау ұлан ғайыр өлкені «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата-бабаларымыздың аманатын ту еткен Алаш арыстарымыз туралы жыр шумақтары айтылып, тәуелсіздіктің қадірі мен қасиеті және оны қорғау біздің басты міндетіміз екені жайлы оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Все реакции:
17Вы, Ерлан Қалымбетов, Ostemir Shadibekov и ещё 14