"АНА - ӨМІР ШУАҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Ана - өмір шуағы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: "Ана" деген аяулы есімді құрметтеу арқылы, нәзік жанды қыздарымызды, аналарымызды, ұстаздарымызды, апа-әжелерімізді сыйлау, құрмет көрсету құндылықтарын оқушы бойына дарыту.
Іс-шара барысында оқушыларға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар ұстаздарына жыр шумақтарын арнап, өнерлерін көрсетті.