ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7-сынып оқушыларының қатысуымен мектеп кітапханасында "Оқу сағаты" ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап оқу мәдениетіне баулу, дүниетанымын кеңейту, әдебиеттегі көркем шығармалардың тамашалығын сезіну, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте түсіндіру.
Оқу сағаты барысында оқушылар ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп айтып, ой бөлісті. Алдағы уақытта да оқу сағаттары тұрақты жалғасатын болады.