ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 5-9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аяулы да ардақты ұстаздарымыздың төл мерекесіне орай "Ұстаз - сізге мың алғыс!" тақырыбында іс-шара болып өтті. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Ұстаздардың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі өлшеусіз.
Іс-шара барысында ұстаз еңбегінің шексіз екендігі туралы айтылды. Оқушылар аяулы ұстаздарына арнап әндер айтып, жыр шумақтарын арнап, сахналық қойылымдар қойды.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!
Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерейлеріңіз үстем болсын!

