П.Айтменов атындагы негізгі орта мектебінде "Менің жанымда пайдалы тағам" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен іс-шара өтілді.

П.Айтменов атындагы негізгі орта мектебінде әлеуметтік педагог С.Жакупованың ұйымдастыруымен салауатты тамақтануды насихаттау мақсатында "Менің жанымда пайдалы тағам" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен іс-шара өтілді. Мақсаты: әр түрлі өнімдердің пайдалы және зияндылығы туралы. Іс-шараға мектеп медбикесі Н.Ибраева мен аспазшы Г. Айтмағанбетова балалардың дұрыс тамақтану әдетін және ағзаға керекті дәрумендер туралы түсіндіріп өтті.
Іс-шара барысында оқушылар пайдалы және зиянды тағамдарды суреттеу арқылы ажырата білді, оқушылар қызығушылықпен жұмабақтар шешіп,мақал мәтелдер айтты.

WhatsApp Image 2024 09 27 at 08.45.56WhatsApp Image 2024 09 27 at 08.45.57 2WhatsApp Image 2024 09 27 at 08.45.57 1WhatsApp Image 2024 09 27 at 08.45.57