1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

   Бүгін 1-наурыз Алғыс айту күніне орай П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.